Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Қуанышбек Үштаевты Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындады

Тоқаев Қуанышбек Үштаевты Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлеріне жаңа бас қолбасшы болып Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламасында. 

Қуанышбек Үштаев 1976 жылы 5 қазанда Қазақ КСР Жамбыл облысы Жуалы ауданы Алексеевка ауылында туған.

1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған. 2018 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Әскери қызметін 1997 жылы 25717 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда бастаған. 2000 жылы 61993 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонының командирі болды.

2004 жылы 18404 әскери бөліміндегі жаяу әскердің жауынгерлік машинасымен жабдықталған десанттық шабуылдау батальонын басқарды. 2005 жылы 42062 әскери бөлімінің командирі болып тағайындалды.

2009 жылы 61993 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары әрі штаб бастығы болды. 2010 жылы 12740 әскери бөлімін, 2011 жылы 85395 әскери бөлімін басқарды.

2015 жылы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары әрі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2018 жылы “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары әрі штаб бастығы болды.

 

2022 жылдан 2023 жылғы 14 қарашаға дейін “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды. 2023 жылғы 14 қарашадан 2024 жылғы 26 қарашаға дейін “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар