Қазақстанда екі айдан ұзақ еңбекке жарамсыздық парағы кімдерге беріледі: аурулар тізімі нақтыланды
Елімізде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асатын аурулардың тізімі нақтылануы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аурулар тізімі өзгермейді және жаңа аурулармен толықтырылмайды.
Өзгеріс бұл аурулар ресми құжаттарда қалай белгіленетініне қатысты. Денсаулық сақтау министрлігі әрбір ауруға Аурулардың халықаралық жіктемесі (АХЖ) кодын қосуды ұсынады.
Аталған тізім 2015 жылдан бері қолданылып келеді. Оған адамға ұзақ уақыт емделу мен оңалу қажет болатын аурулар кіреді.
Олардың тізіміне:
- сальмонеллездік септицемия (сальмонеллез инфекциясының ауыр түрі);
- ботулизм, асқынған түрі (қауіпті инфекциялық ауру);
- туберкулездің кейбір түрлері;
- оба;
- түйнеме, өкпелік түрі;
- бруцеллез, декомпенсация сатысындағы созылмалы өткір және ауыр дәрежедегі өткірге жуық түрі, ;
- құтыру;
- өткір полиомиелит (жүйке жүйесін зақымдайтын инфекциялық ауру) және басқалар.
Аурулардың толық тізімін мына жерден көруге болады.
Жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылдың 5 қазанына дейін жалғасады.