Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ІІМ блогермен билеген екі полицейдің жұмыстан шығарылуына қатысты пікір білдірді

ІІМ блогермен билеген екі полицейдің жұмыстан шығарылуына қатысты пікір білдірді
Сурет: видеодан скриншот
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Хан-Шатыр маңында мысырлық блогермен билеген екі полицей қыздардың жұмыстан шығарылуына қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Журналист Игорь Лепехадан жұмыстан шығарылған полиция қызметкерлеріне қатысты сұрады.

“Жалпы алғанда, бұл мәселеде қоғам пікірі екіге бөлінді деп объективті түрде айту керек. Бірі қолдаса, енді бірі үзілді-кесілді қарсы болды. Алайда бұл мәселе тәртіптік комиссияда қаралды. Комиссия олардың әрекетін кем дегенде қызметтік әдеп нормаларын және полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзу деп бағалады. Қызметте жүрген полицейлер қандай да бір блогерлерге өзін көтеруіне рұқсат беріп, тағы басқа әрекеттер жасауы дұрыс емес”, – деді Игорь Лепеха.

Вице-министр екі қызды жұмыстан шығарған дұрыс шешім екенін айтты.

“Мүмкін, біз консервативті адамдар шығармыз. Бірақ біз бұлай әрекет етуге болмайды деп есептейміз. Тәртіптік комиссия екі қызды жұмыстан шығарған дұрыс деген шешімге келді. Олар, бәлкім, мәдениет саласынан өз орындарын табар”, – деді вице-министр.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар