Қоғам

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақырды: өтетін күні белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын", - делінген өкімде.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілген болатын.

Кеңеске 126 адам кірді. Олардың арасында депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, түрлі қор өкілдері мен басқа да тұлғалар бар.