Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

TikTok желісінде тікелей эфирде бейәдеп сөйлеген 40 жастағы әйел жазаланды

TikTok желісінде тікелей эфирде бейәдеп сөйлеген 40 жастағы әйел жазаланды
Сурет: видеодан скриншот
Талдықорған тұрғыны тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан.

Жетісу облысында әйел адамның TikTok желісінде тікелей эфирде отырып, бейәдеп сөздер қолданған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Әйел Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында оның осыған дейін де қоғамдық орындарда лас сөздер айтқаны үшін екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. Істі қарау нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оның кәмелетке толмаған жас балаларының бар екенін ескере отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Полиция әлеуметтік желілер заң талаптарынан тыс кеңістік емес екенін ескертеді. Көпшілікке арналған тікелей эфирлер барысында жалпыға ортақ әдеп нормаларын сақтау қажет. Бейәдеп сөздер қолдану заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген ІІМ хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар