Басты жаңалықтар

"Ол ешкімге бұйырмасын": Семейде 19 жастағы қыздың өліміне қатысты мәлімет пайда болды

Семейде пышақ жарақатынан қаза тапқан 19 жастағы қызға қатысты мәлімет пайда болды. Полиция күдікті ретінде марқұмның танысы болған 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, олардың арасында қызғаныш салдарынан жанжал туындаған.

"21 қыркүйекте Семей қаласында шамамен сағат 18:30-да небәрі 19 жастағы қарындасымды аяусыз өлтіріп кетті! Күдікті - одан бас тарту алған соң, "ол ешкімге бұйырмасын" деп шешкен 24 жастағы ер адам. Бұл алдын ала ұйымдастырылған топтық кісі өлтіру!", - деп жазды марқұмның туысы әлеуметтік желіде.

Туыстарының айтуынша, екі сағаттан кейін оларға күдіктінің ұсталғаны хабарланған. Қазір олар кінәлілер жауапкершіліктен жалтарады ма деп қауіптенеді.

Абай облысы Полиция департаменті кісі өлтіруге күдіктінің анықталғанын нақтылады.

"Күдікті ізі суымай ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, күдікті мен 19 жастағы марқұм таныс болған. Олардың арасында қызғаныш негізінде жанжал туындаған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомство күдікті мен марқұмның бұрыннан таныс екенін мәлімдеді. Ал топтық құқық бұзушылық туралы ақпарат расталмады. Абай облысы ПД қыз пен жігіттің өзара жанжалдасқанын нақтылады. Ер адам пышақ жарақаттарын салған, салдарынан жәбірленуші көз жұмған.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр