Қарағандыда көршісі туралы қауесет айтқан әйел жазаға тартылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:45
- 1
Қарағандының 34 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, көршісінің өзі туралы жалған ақпарат таратып жүргенін мәлімдеген.
Арызды Ә. Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы тексерген. Полицей үй тұрғындарынан жауап алды. Бірнеше көршісі тұрғындар арасында расымен де түрлі қауесеттер тарағанын растады. Олардың айтуынша, бұл мәліметтердің таралуына 66 жастағы әйел себепші болған.
Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Ол жерде ол арызданушы туралы ақпарат таратқанын мойындады.
Іс материалдарын сот қарады. Әйел басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды.
Полиция қазақстандықтарға өзге адамдар туралы ақпараттың анық-қанығын тексеру қажет екенін, сондай-ақ өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау керек екенін ескертті.


