Саясат

Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл шешімді жаңа конституциялық органның бірінші сессиясында Халық кеңесінің мүшелері жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша қабылдады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Конституциялық заңға сәйкес, төраға кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Оның өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Бір адам бұл лауазымды қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.