Қоғам

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті балалар мен ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті балалармен ата-аналарға үндеу жасап, кейдеқарапайым тентектік немесе болмашыжанжалдың санаулы секунд ішінде ауыржағдайға ұласуы мүмкін екенін ескертті.

Балаларды орынсыз тәуекелге бармауға, арандатуға ермеуге және қандай да бір әрекетжасамас бұрын оның салдарын ойлауғашақырды.

Үндеуде нағыз күштің тәуекелге баруданемесе жанжалға жауап беруде емес, дер кезінде тоқтай білуде екені атап өтілді. Бір сәткідіріп, эмоцияға берілмей, «Бұдан кейін не болады?» деп ойлану кей жағдайда ауырзардаптың алдын алуы мүмкін.

Ата-аналарға балаларымен осындайжағдайларды жиі талқылап, тек «болмайды» деп тыйым салумен шектелмей, оның себебімен ықтимал салдарын түсіндіру ұсынылды. Сондай-ақ баланың араласатын ортасын білу, эмоционалдық жағдайына назар аудару жәнеөзімен бірге қандай заттар алып жүргенінбақылау маңызды екені айтылды.

Комитет қандай да бір мәселе туындағанжағдайда оны жасырмай, дер кезінде көмеккежүгінуге шақырды. Үндеудің негізгі мәні — кейде санаулы секунд ішінде қабылданғанбір дұрыс шешім денсаулықты, болашақты, тіпті өмірді сақтап қалуы мүмкін.