Болашағыңды ойласаң, жастық шағыңнан айырыл!: Сырымбек Тау
Кәсіпкер Сырымбек Тау еңбек етудің жолдарын түсіндірді
Сырымьек Тау тұрақтылыққа қатысты айтты.
«Бүгін тапқан миллион теңгеңнің 500 мыңын жаратып, 500 мыңын сақтап отыру тұрақтылыққа әкеледі. Ал егер келесі айдағы табысыңа сеніп, 900 мың жаратсаң, сенің қателігің. Мәселен, еңбегіңнің жемісін жейтініңді біліп, 5 жыл қызметке шыдауға болады. Бәлкім, 6 жылы, бәлкім, 7 жылы нәтиже келуі мүмкін. Бұл әңгіменің түйіні «болашақты ойласаң, жастық шағыңнан айыр» деген сөзге келіп тіреледі», - деді танымал кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау.