Ұлдана Мырзуан ісі: прокурор Сәуле Жұбаниязованы 2 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты соттан мемлекеттік айыптаушы соттан МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязованы кінәлі деп танып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік айыптаушы жаза тағайындау кезінде сотталушының бұған дейін сотталмағанын және кәмелетке толмаған балалары барын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеруді сұрады.
"Жұбаниязованы Қылмыстық кодекстің 254-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраймын. Сондай-ақ кондоминиум нысандарын басқаруға байланысты кез келген қызметпен айналысу құқығынан үш жылға айыруды сұраймын", – деді мемлекеттік айыптаушы.
Прокурор Жұбаниязова жағдайын тиісті деңгейде бақылауды ұйымдастырмағанын айтты.