Мәдениет

"Күйеуімнің назарын ғана емес, тиесілі қаражатын алдың?": Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбекованың масқарасын шығарды

Продюсер Бағым Мақсатқызы "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты шындықты жайып салды. Айтуынша, әнші оның марқұм күйеуінің назарына іліккен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берген Мөлдір Әуелбекова бұрынғы ұстазы Бағым Мұхитденова мен Баян Алагөзоваға қатысты «Құдай сақтасын, бетін аулақ» деген жазба қалдырған. Бұған жауап ретінде продюсер желідегі парақшасында ешкім білмейтін құпияны ашты.

"Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, «бәріне өз күшіммен жеттім» деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па? Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын", деп жазды ол.