Қоғам

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 9 адам қаза тапты: оқиға орнынан видео жарияланды

Ақтауда тоғыз әскери қаза тапқан оқиға орнынан видео жарияланды. Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында төтенше жағдай болған жерден көріністі желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.

Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, теңізге алып кеткен 19 әскери қызметшінің тоғызы қаза тапқан. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған. 

Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.