Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан екі әскери қызметкердің денесі табылды
Ақтау маңында Каспий теңізінің акваториясында әскери қызметкерлерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Редакция тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстары барысында оқу-жаттығу кезінде жоғалып кеткен тағы екі әскери қызметшінің денесі табылып, жағаға шығарылды.
Қазір тағы бес адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметшілердің арасында қаза тапқандар да болған. Олардың әскердегі қызметін аяқтауына 8-9 күн қалғаны белгілі болды.