Қоғам
Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймаханға қатысты апелляциялық шағым өзгеріссіз қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қыркүйек, 2026
- 260
Шымкентте 24 қыркүйекте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық алқа отырысы өтті. Шерхан Аймаханның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шерхан Аймаханды Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп таныған. Атап айтқанда, ол 125-1-бап – "Некеге тұруға мәжбүрлеу", 115-1-бап – "Сталкинг" және 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы – "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша сотталған.
Жәбірленуші тарап апелляциялық шағымында моральдық зиян сомасын 25 миллион теңгеден 10 миллиард теңгеге дейін көбейтуді сұрады.
Прокурор үкімді өзгеріссіз қалдыруды, ал апелляциялық шағымдарды қанағаттандырмауды сұрады.
Апелляциялық сот істі қарап, Шерхан Аймаханға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.




