Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалпыұлттық аза тұту күні

"3 градус аяз": Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт суытады

"3 градус аяз": Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт суытады
Сурет: yamal1.ru
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы айтарлықтай салқындайды деп күтіледі. Синоптиктер 26, 27 және 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы орнайды, бірақ кейбір аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал таулы аудандарда қар жаууы мүмкін.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Түнгі уақытта үсік жүреді деп күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында температура 1–3 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. 27–28 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысы мен орталық аймақтарында да үсік болады деп болжанады.

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Тауда қар жаууы мүмкін

Қазақстанның шығысында, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Сонымен қатар Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

27–28 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі мен шығысында да құрғақ ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар облыстардың басым бөлігінде жел күшейіп, елдің оңтүстігінде кей жерлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар