Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалпыұлттық аза тұту күні

"Жарты сағат судан досын іздеген": Каспийдегі қайғылы жағдайда аман қалған сарбаз ауруханада есін жиды

"Жарты сағат судан досын іздеген": Каспийдегі қайғылы жағдайда аман қалған сарбаз ауруханада есін жиды
Сурет: видеодан скриншот
Маңғыстаудағы Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы жағдайдан аман қалған әскери Ақжол Темірәлиев ауруханада есін жиды.

Бұл туралы видео блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сәрсенбаевтың айтуынша, 2007 жылы туған Ақжол Темірәлиев - аман қалған әскери қызметшілердің ішінде ауруханаға жатқызылған жалғыз адам.

"Кешеден бері әлеуметтік желілерде оның жағдайы туралы түрлі ақпарат тарап жатыр", - деп бөлісті ол.

Азаматтың сөзінше, тек Ақжол ғана ауруханаға жатқызылды. Ол судан өз бетінше шыға алған.

"Ол жерде үш адам аман қалған. Ақжол қазір ауруханада, тек соны ғана жатқызды. Ал ата-анасының айтуынша, ол судан өзі жүзіп шығып, жарты сағаттай досын іздеген", - деді Азамат.

Оның айтуынша, қазір жігіттің жағдайы тұрақты. Ол өздігінен жүріп, тамақ ішіп, сөйлей алады. Дәрігерлер қажетті көмектің бәрін жасады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар