Қоғам

"Біз үшін өлім пе?": Каспийде қаза тапқан сарбаздарға тіл тигізген Шымкент тұрғыны қамауға алынды

Шымкентте сарбаздардың қазасына қатысты тікелей эфирде балағат сөз айтқан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтқан ер адамның видеосы анықтады. Эфир кезінде 21 жастағы Шымкент тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына “Каспийдегі сарбаздар біз үшін өліп пе” деп айтқан.

«Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Абзал Мусурманқұл және Бақдәулет Мустафа қатысқан. Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар тікелей эфирге 22 жастағы Абзал Мұсырманқұл мен Бақдәулет Мұстафа қатысқан. Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту беріліп, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.