Қоғам

Елімізде доллар бағамы 440 теңгеден төмендеді

Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуде. Доллар 439,37 теңгені құрайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 439,37 теңгені құрады. Айта кетейік, бұл доллар бағамы 440 теңгеден төмен түскен 2024 жылдың мамыр айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Ұлттық банктің 29 қыркүйекке арналған ресми бағамы 441,77 теңгені құрайды.

Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу – 438,37 теңге, сату – 440,39 теңге.

Астанадағы айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу – орта есеппен 435,04 теңге, сату – 442,07 теңге.