Іс-шара Қазақстан кинологтар одағының өңірлердегі қазақы тазы басын зерттеу және иттердің шығу тегі туралы құжаттарды рәсімдеу жөніндегі жұмысы аясында ұйымдастырылды.

Байқауға 57 қазақы тазы қатысты. Иттерге Наталья Дровосекова мен Анель Болгумбаева сараптамалық бағалау жүргізді. Қарау барысында мамандар иттердің тұқымдық типке сәйкестігін және экстерьерлік ерекшеліктерін бағалады. Байқау қорытындысы бойынша 34 итке шығу тегі туралы куәлік беріледі.
Тұқымдық байқау өңірде өсіріліп жатқан қазақы тазыларға кәсіби баға беруге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер ит басын есепке алуға, тұқым өкілдері туралы мәліметтерді толықтыруға және алдағы асылдандыру жұмысының бағыттарын айқындауға көмектеседі.
Қазақы тазыларды сақтау еліміздің барлық өңірінде жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді. Өңірлік тұқымдық байқаулар иелері мен өсірушілерін осы жұмысқа тартуға және құжатталған ит басын көбейтуге мүмкіндік береді.



