Басты жаңалықтар

Үш жылда бакалавр оқып шығу: Қазақстанда кейбір мамандықтарды қысқарту ұсынылды

Қазақстанда білікті кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты Құрылтай депутаты Махамбет Хасенов "үш жылдық бакалавр" жүйесін жиі қолдануды ұсынып, елге тезірек қажет мамандықтардың тізімін атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанда білікті мамандар тапшы. Осыған байланысты Құрылтай депутаты Махамбет Хасенов "үш жылдық бакалавриат" жүйесін жиі қолдануды ұсынып, елге тезірек қажет мамандықтар тізімін атады, - деп хабарлайды

2035 жылға қарай Қазақстанға 2,9 миллион маман қажет болады. Оның 1,8 миллионы – жұмысшы мамандықтары, деді Махамбет Хасенов. Оның айтуынша, қазір кадр тапшылығы байқалады. Соның салдарынан кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істей алмай отыр, ал қызметкерлерге артық жұмыс жүктеліп жатады.

"Компания қажетті маманды өзі іздеп, қайта даярлап, оған қосымша уақыт, қаржы жұмсайды", – деп түсіндірді депутат.

Хасенов 2030 жылға қарай жұмысшылардың 59 пайызы жаңа дағдыларды игеруі немесе біліктілігін арттыруы тиіс екенін атап өтті. Еңбек нарығына жаңа кадрларды тезірек шығару маңызды.

"Осы орайда үш жыл ішінде білікті маман даярлау тетігін одан әрі дамытуды ұсынамыз. Үш жылдық формат бағдарламаны жай ғана қысқарту емес, мәселе сол білім мен құзыретті тиімдірек оқу траекториясы арқылы меңгеру", – деді ол.

Депутат барлық мамандықты қысқарту мүмкін емес екенін айтты. Бірақ, оның пікірінше, IT саласы, цифрлық технологиялар, маркетинг, сервис және туризм бағыттары қысқартылуы тиіс.

"Нарық пен технология төрт жыл күтпейді. Білім беру жүйесі де экономикадағы өзгерістерден қалып қоймауы керек. Үш жылдық формат маманның еңбек нарығына бір жыл ерте шығуына, тәжірибе жинауына, табыс табуы, салық төлеуі және кәсіпорын жұмысына қосылуы деген сөз", – деп түсіндірді Хасенов.

Махамбет Хасенов осы мәселеге байланысты премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Ол үш шара ұсынды.

  1. Мамандарды үш жылда сапалы даярлауға болатын мамандықтарды анықтау.
  2. Осы бағыттар бойынша триместрлік оқытуды, жазғы семестрді, дуалды білім беруді және кәсіпорындардағы практиканы қолдана отырып, пилоттық жобаларды іске қосу.
  3. Салалық министрліктер нарыққа қандай мамандар қажет екенін айқындап, түлектердің мамандығы бойынша жұмыс табуына көмектесетіндей жағдай жасау.