Қоғам

Әртүрлі қылмыс істеген 2600 адам рақымшылықпен бостандыққа шықты

Қазақстанда әртүрлі қылмыс бойынша сотталған 2621 адам рақымшылық арқылы бостандыққа шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл азаматтар 2471 қылмыстық іс бойынша сотталған.

«2026 жылдың 1 шілдесінде «Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы» заң қабылданған болатын. Рақымшылық тек сотталғандарға ғана емес, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Айта кетейік, Қазақстанда қылмыстық рақымшылықтан бөлек, әкімшілік рақымшылық та жасалады.