Қоғам

Тоқаев сапар барысында Мюнхенге барды

Германияда ресми сапармен жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Берлиннен Мюнхенге келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.