Қоғам

"Кейін бәрін түсіндіремін": блогер Эльмира Төлегенова Ерболат Жанәбіловпен ажырасып жатқанын айтты

Блогер Эльмира Төлегенова әлеуметтік желіде күйеуі Ерболат Жанәбіловтен қысым көргенін мәлімдеді. Айтуынша, телефонын күшпен алуға тырысқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Видеода Эльмира Төлегенованың гардероб ішінде күйеуінен және оның туыстарынан жасырынып отырғанын айтқан. видеосы тарады.

“Күйеуім Ерболат Жанәбілов менің жеке заттарымды, телефондарымды, әлеуметтік желілерімді тартып алғалы жатыр. Қазір мен гардеробта отырмын. Екінші телефонымда 5 пайыз ғана қуаты қалды. Ол қазір туыстарымен, ағайындарымен кіргелі жатыр. Мен олардың отбасысына қатысты қандай да бір ақпаратты әлеуметтік желіге жариялап қоямын деп қорқады. Ол менің барлық стористерімді өшіріп жатыр”, – деді блогер. 

Жазбаның астында елордалық полиция ресми пікір білдірді.

“2026 жылы 30 қыркүйекте сағат 22:22 шамасында Астана қаласының шағынаудандарының бірінде отбасылық-тұрмыстық жанжал болғаны туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Полиция оқиға орнына келген кезде, ақпарат расталды. Ерлі-зайыпты арасында сөзге келіп қалған”, – деп мәлімдеді полиция.

Біраз уақыттан кейін Эльмира Төлегенова желідегі парақшасында желіде жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті.

“Қазір менің атымнан жалған аккаунттар ашылып, жалған ақпараттар тарап жатыр.  Мен блогымнан біраз уақытқа үзіліс алатын шығармын. 27 қыркүйекте әжем қайтыс болған еді. Үйге енді ғана келдім. Күйеуім тарапынан қол көтеру болмады. Ерболат екінші телефонымды алып қоймақ болғандықтан мен гардеробтың есігін жауып алдым. Мен сіздерге кейін бәрін түсіндіремін. Біз ажырасу процесіндеміз.Қазір маған өз-өзіме келіп, сабырға келу керек. Қазір мен үйдемін, балаларым қасымда, жанымда жақын адамдарым бар”, – дейді блогер.