Оңтүстік Кореяда қазақстандық құрылысшы қаза тапты
Қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде құрылыс кезінде қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Кореялық басылым Yonhap-тың мәліметінше, оқиға сейсенбі күні болған. Бетоннан жасалған төбенің бір бөлігі опырылып құлап, қазақстандық соның астында қалып қойған. Оңтүстік Кореяның еңбек министрі марқұм шамамен 30 жастағы ер адам. Ол пәтердің 23-қабаттың бірінде тазалау жұмыстарын күтіп отырған. Қайғылы оқиға сол жерде орын алды.
Аталмыш оқиғаға Сыртқы істер министрлігі де пікір білдірді. Өз жауабында марқұмның қаза болғанын министрлік растады.
“Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр," - деп жауап берді министрлік.