Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдері қысқарады

Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдері қысқарады
Сурет: ашық дерккөздерден
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі толық мемлекет қамтамасыз ететін қазақстандықтарға зейнетақының 70 пайызын төлеу тоқтатылуы туралы жоба әзірледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сілтеме жасап.

Бұдан бөлек қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі колонияларда жазасын өтеп жатқан адамдардың зейнетақысы уақытша қысқартылады. 

“Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға және зейнетақы төлеуге қосарлы қаржыландыруды болдырмау мақсатында зейнетақының 70 пайызын төлеуді тоқтата тұру ұсынылады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі зейнетақы алушыларды толық мемлекет қамтамасыз етеді," – деп жазылған құжатта.

Толық мемлекет қамсыздандыратын қарт адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы келесі басқаша жолмен төленеді. Олар:

егер есептелген зейнетақы ең төменгі мөлшерден төмен болса, онда заңда көзделген мөлшерде сома төленеді;

басқа жағдайларда адамға тағайындалған зейнетақының 30%-ы төленеді, бірақ бұл сома ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс;

қалған 70%-ы орталықтың арнайы шотына аударылады. Бұл қаражатты орталық уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен пайдаланады. Әдетте оған тамақ, киім-кешек және басқа да қажетті шығындар жатады.

Адамның осындай қылмыстық-атқару жүйесінде тұрған уақытында төлем тоқтатылады. Одан шыққаннан кейін базалық төлем мен зейнетақы келесі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қалпына келтіріледі. Зейнетақы мен базалық төлемді нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл арқылы да алуға болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар