Мәдениет

«Бұл да бір сынақ»: Жанболат Найзабеков анасының арманын орындай алмағанын айтып, көзіне жас алды

Танымал актер Жанболат Найзабеков анасының арманын орындай алмайтынына қынжылды. Ол отбасында болған ауыр сәтті еске алды, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. Актердің сөзінше, бесінші ұлы дүниеге келген кезде анасы немересін көргісі келген. Алайда көзі нашар көретін болған соң сәбиді толық көре алмаған.

“Бесінші ұлым дүниеге келген кезде анам үйге келді. Залда отырып “Немеремнің даусын естимін, бірақ өзін көре алмай отырмын. Түк көрмеймін” деді. Сол сәтте қатты қиналдым. Бірдеңе жасағым келеді, бірақ қолымнан ештеңе келмейтіндей сезіндім. Бұл да бір сынақ”, – деді актер.

Сондай-ақ, Жанболат Найзабеков әкесінің көз дәрігері болғанымен, анасының көру қабілетіне көмектесе алмағанын айтады. Актер анасының Дубайға баруды армандағанын да атап өтті.

“Анам “Балам, байыған кезде Дубайға апаршы” дейтін. Мен “апарамын” деп жауап беретінмін. Қазір апаруға мүмкіндігім бар. Бірақ анам оны көре алмайды. Адамның амалсыз қалуы деген осы шығар”, – деді актер.