Қазақстанда күн күрт суытады
Алдағы уақытта Қазақстанда күн суытады. Синоптиктер 3, 4 және 5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Болжамға сәйкес, 3-5 қазан аралығында жаңбыр, қар, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтіледі.
Қазақстанда ауа райы күрт құбылады. Елдің барлық аумағында жауын-шашын - жаңбыр мен қар жауады.
Солтүстікте кезең соңына қарай түнде қар жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Елдің батысы мен солтүстігінде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанады.
Температура, ең алдымен, елдің солтүстік бөлігінде айтарлықтай төмендейді. Онда түнде -1-ден -6 градусқа дейін аяз болады.
Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы тек 0...+5 градусқа дейін ғана көтеріледі. Шығыста +7...+12, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +10...+15 градус жылы болады.
Таулы аймақтарда температура 0...+5 градус шамасында болады.
Сонымен қатар, Қазақстанның батысында күн жылырақ болады: онда күндізгі температура +10...+18 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Елдің оңтүстігі мен шығысында негізінен жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде кезең соңына қарай жауын-шашын қарға ұласуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді деп болжанады.