Қоғам

«Ұлы байлап, үйінде қамап ұстаған»: Алматыда қолы байланған әйел көшеде жүрген

Алматыда қолы байланып, жалаңаяқ жүрген әйел көшедегі адамдардан көмек сұраған. Айтуынша, ұлы оны үйде қамап ұстаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Письма президенту" Telegram арнасының мәліметінше, әйелді көшеден жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.

"Әйелдің кім екені анықталды. Қазір ол полиция бөлімінде түсініктеме беріп жатыр. Бұған дейін осы жағдайға қатысты полицияға ешқандай арыз түспеген", – деп мәлімдеді ведомство.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.