Қоғам

“Өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған”: Шымкентте ер адам балалардан интимдік суреттер сұраған

Шымкентте ер адам желі арқылы өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырып, балалардан интимдік сипаттағы фотосуреттер сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Криминальный Казахстан” Telegram арнасының  мәліметінше, ер адам ғаламторда 10-12 жасар балалармен танысқан. Олармен хат алмасып, сөйлескен. 

“Олар ер адамның 14 жастағы жасөспірім екеніне сеніп қалған. Бір эпизодта ол қызбен онлайн ойын арқылы танысып, телефон нөмірін сұраған. Кейін WhatsApp-та хат алмасып жүрген”, – делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметінше, содан кейін ер адам баладан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнелерді жіберуді сұрай бастаған.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның кінәсін мойындағанын жеткізді. Қазір оқиғаның барлық жағдайлары анықталып, оның басқа да ұқсас эпизодтарға қатысуы тексерілуде”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.