Спорт

Азия ойындары: 20 жастағы Тамерлан Тілеулес таеквондодан чемпион атанды

Қазақстандық таеквондошы Тамерлан Тілеулес 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

20 жастағы спортшы 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, Қазақстан тарихындағы осы бағдарлама бойынша алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Финалда Тамерлан Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.Тамерлан бірінші раундты 16:14 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші раундта қазақстандық спортшы қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Тамерлан 15:2 есебімен сенімді жеңіске жетіп, жекпе-жекті 2:0 есебімен аяқтады.

Осылайша, Тамерлан Тілеулес Қазақстан таеквондосы үшін тарихи нәтиже тіркеді. Бұған дейін ел құрамасы Азия ойындарында таеквондодан 17 медаль жеңіп алғанымен, олардың арасында алтын жүлде болмаған. Қазақстан қоржынында 3 күміс және 14 қола медаль бар еді.