Басты жаңалықтар

Түркістан облысында қатты нөсер жауып, үш ауылын су басты

Тоқтаусыз жауған жауын салдарынан Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынының бірнеше ауылын су басты. Елді мекенде сел жүріп, көшелер мен тұрғын үйлерді судың астында қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде ауылдардағы су басқан көшелер мен аулалардың видеолары тарады. Оқиға 1 қазанда болған. Тау бөктеріндегі аумақтардан жиналған жаңбыр суы төмен қарай ағып, Қосағаш, Қызылсеңгір және Тұрбат ауылдарына да жеткен.

Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 арнайы техникасы мен 64 адам жұмылдырылды. 200 текше метр су сорылды. Тұрғын үйлерге ешқандай қауіп төнбеген.

Қазір аумақтарды тазарту, қалпына келтіру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.