Instagram-да карта ойындарын өткізген қазақстандық әйел 90 млн теңге табыс тапқан
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 20:44
- 30
Әйел Instagram-да аккаунт ашып, тікелей эфирде карта ойындарын өткізген. Ойынға тігілген ақша мөлшері 100 теңгеден 2100 теңгеге дейін болған.
«Әр ойынға төрт адам қатысқан. Ең жоғары карта түскен ойыншы жеңімпаз атанған. Ол ұйымдастырушының үлесі шегерілгеннен кейін қалған барлық ұтысты алған», — деп хабарлады прокуратура.
Сот әйелді Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігі бойынша — заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп таныды. Сондай-ақ прокурордың заңсыз табысты өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Интернетте арнайы лицензиясыз құмар ойындар мен лотереялар ұйымдастырғаны үшін көзделген ең қатаң жаза — мүлкін тәркілеу және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырумен бірге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бұл Instagram мен TikTok-та өткізілетін ойындарға да қатысты.




