Азия ойындарында қазақстандық желаяқтың допинг сынамасынан тыйым салынған зат анықталды
Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызының Азия ойындары кезінде алынған сынамасынан тыйым салынған зат табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Халықаралық тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап.
ITA мәліметінше, сынама 2026 жылғы 27 қыркүйекте Жапонияның Нагоя қаласында жарыс кезіндегі допингке қарсы бақылау аясында алынған.
Спортшының қанынан бұлшықеттердің қаттылығы мен күшін арттыратын синтетикалық анаболикалық стероид - дростанолон анықталған.
Зат табылған бойда спортшы жарыстардан шеттетілген.
Аянаның уақытша дисквалификация туралы шешімге Спорттық төрелік сотының Антидопингтік бөліміне (CAS ADD) шағым түсіруге және В сынамасына талдау жасауды сұрауға құқығы бар екені атап өтілді.
Аяна Болатбекқызы 19 жаста - ол 2006 жылы 5 қарашада Жетісу облысында дүниеге келген.
Жапониядағы Азиадада Қазақстан құрамасы сапында 1500 метрге жүгіруден бақ сынап, финалға жолдама алды, онда 11 қатысушының ішінде 10-орынға ие болды.