+22°С-қа дейін жоғарылайды: Қазақстанда алдағы үш күнде күн жылиды
«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, 6-8 қазан күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мамандардың болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ болып, бұрқасын, екпінді жел соғады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
«Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады», – делінген ауа райы болжамында.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0,+5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.