Қазақстанда доллар бағамы 7 теңгеге дейін өсті
Қазақстанда доллар бағамы 454 теңгеге өсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,62 теңгеге өсіп, 454,98 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 5 қазанға белгілеген ресми бағамы — бір доллар үшін 447,73 теңге.
Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы, сатып алу — 455,82 теңге болса, сату — 458,45 теңге болды.
Астанадағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы, сатып алу — 451,90 теңге, ал сату — 458,83 теңгеге бағаланады.