Атырауда арзан киім сататын бутикке келген адамдар бір-бірін таптай жаздаған (ВИДЕО)
Желіде Атыраудағы сауда орталықтарының бірінен видео тарады. Кадрларда жаңадан ашылған бутикке адам көп жиналғаны байқалады. Бірақ келушілер бір-бірін итеріп, таптай жаздаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Атыраудағы жаңадан ашылған бутиіктің ашылу салтанатынан кейін полиция жалға алушыны жауапкершілікке тартты. Оқиға Алмагүл шағын ауданындағы "Айша" сауда орталығындағы бутиктің ашылуында болған. Киімнің арзан бағасына қызыққан дүкенге көп адам жиналған.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бутик жалға алушысы адамдардың жаппай жиналуы мүмкін екенін тиісті органдарға алдын ала хабарламаған.
"Бутикті жалға алушы 1995 жылғы азамат ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Атырау облыстық ПД.
Атап айтқанда, бұл бапта жергілікті атқарушы органдарға іс-шара туралы қажетті ақпаратты бермеу немесе кешіктіріп бергені үшін жеке тұлғаларға – 20 АЕК (86 500 теңге).