Қоғам

Мұғалімдер сабақтан тыс уақытта ата-аналардың хабарламасына жауап беруден заң жүзінде босатылуы мүмкін

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов Ұстаздар күнінде мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Telegram-дағы арнасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутат Қазақстандағы педагогтер әлі де бетпе-бет келіп отырған мәселелер және оларды шешудегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

"Демалыс күні балаға қатысты бір оқиға болса, сол уақытта өз отбасымен үйінде отырған мұғалімнен түсініктеме талап етілді. Жылдар бойы бұл қалыпты жағдай саналып келді. Маусымда қабылданған жаңа заң осыны өзгертті", - дейді ол.

Асхат Аймағамбетов жас мамандарды қолдау қажеттегіні атап өтті. Сондай-ақ, кешкі уақытта ата-аналардың мұғалімді мазаламау мәселесіне де тоқталды.

"Жас педагогті мектепке тартумен шектелмей, әрі қарай қолдау маңызды. Кешкі уақытта және демалыс күндері ата-аналармен мессенджерлерде хат алмасу, әлеуметтік желіге рилс пен пост жариялауды талап ету де – бөлек мәселе. Сондықтан "Әділет" партиясының фракциясындағы әріптестерімізбен бірге заң жобасын әзірледік. Онда педагогтерді мазалайтын осы және басқа да проблемаларды шешу көзделген", - деді ол.