Саясат

Айдар Жарылғанов әділет вице-министрі болып тағайындалды

Айдар Жарылғанов әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі болып тағайындалды.

Айдар Жарылғанов 1978 жылы Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік университетін, Әділет жоғары құқық мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы маусымда Астана қаласы "Ақ Орда" жобалау-құрылыс компаниясы ЖШС инженері болып бастаған.

2001-2002 жылдары - Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаментінің жетекші маманы.

2002-2007 жылдары - Қаржы министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

2007-2008 жылдары - Президент әкімшілігі Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы.

2008-2023 жылдары Президент әкімшілігінде мемлекеттік құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі болып қызмет етті.

2023 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.