Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы қаласына қай күні жылу берілетіні белгілі болды

Алматы қаласына қай күні жылу берілетіні белгілі болды
Сурет: nokta.md
Алматы қаласына жылу қашан берілетіні белгілі болды. Қала әкімдігі жылу беру маусымының басталатын күнін 9 қазанға белгіледі. Алайда үйлерге жылу кейінірек берілетін болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталады. Бұл ауа райының күрт суытуына байланысты. Әкім Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен 9 қазаннан бастап мегаполисте орталық жылу жүйесіне қосу жұмысы басталады.

«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге жылу беріледі. Тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосуды 10 қазаннан бастау жоспарланып отыр. Үйге жылу берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары үй ішіндегі жылу жүйелерін реттейді. Атап айтқанда, радиаторлар мен тік құбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС қысқы кезеңге дайындық жұмысын аяқтаған. Ал күтпеген ақаулар пайда болған жағдайда қажетті материалдар мен жабдықтардың қоры алдын ала дайындалған. 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы тәулік бойы кезекшілік етеді. Бригадалардың құрамында барлығы 220 маман мен 56 техника бар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар