"Халықаралық деңгейге көтеріліп": Димаш Sadraddin-нің жетістігіне қуанып, анасына арнайы хабарласты
Танымал әнші Димаш Құдайберген Алматының Орталық стадионында екі күн қатарынан концерт берген Sadraddin-нің өзін және анасын құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі жас әншінің анасына арнайы хабарласып, ақ тілегін жеткізді. Sadraddin-нің анасы Айгүл Есқара әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш Құдайбергенмен болған телефон әңгімесін бөлісті.
“Балаңыздың аяқ алысы құтты болсын. Концерттен үзінді видеоларды көрдім. Керемет өтіпті, бәріміз қуанып жатырмыз. Ініміздің алар белесі, жеңісі көп болсын. Сіздің қуанып, нұрланып тұрғаныңызды көріп, өз анамның концертімде қуанғанын көргендей әдемі күй кештім. Құтты болсын. Ұзағынан сүйіндірсін ”, – деді Димаш.
Сондай-ақ, ол Sadraddin-нің Алматыдағы кешіне қатыса алмағанының себебін түсіндірген.
“Елде болғанда міндетті түрде барып, қолдар едім. Sadraddin, Алла қаласа, халықаралық деңгейге көтеріліп, әлем бойынша стадиондар жинап, концерт беретін күндері көп болсын”, – деп ақ тілегін білдірді Димаш Құдайберген.