Каспийдегі қайғылы оқиға: Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы ұсталды
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оның қамауға алынуына санкция берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ІІМ Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.
«Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілерінің Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болуына байланысты қылмыстық істі тергеу аясында қызметіне салғырт қарағаны үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ІІМ.
Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметін Қанат Ниязбеков атқарған. Өткен сенбіде ол, сондай-ақ Қорғаныс министрінің екі орынбасары қызметтерінен босатылды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
27 қыркүйекте Президент Қорғаныс министрі қызметіне Айдос Мырзахметовті тағайындады.