Қуандық Бишімбаевтың анасы экс-келінінен 6 миллион 600 мың теңге өндіріп алды
Қуандық Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа беріп, 6 миллион 600 мың теңге өндіріп алды. Әу баста Альмира Нұрлыбекова бұрынғы келіні Назым Қаһарманнан өзіне тиесілі мүлікті жалға беруден түскен табысты бермегені үшін 14 миллион теңге өндіруді талап еткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Алайда сот Бишімбаевтың анасының өтінішін ішінара қанағаттандырды. 2023 жылы Назым Қаһарманға Бишімбаевтар отбасына тиесілі нысан сенімгерлік басқаруға берілген.
Біраз уақыт өткеннен кейін келіндері мүлікті жалға беріп, одан табыс тауып отырыпты. Қосымша түсіп тұрған ақша туралы ләм-мим деп жақ ашпаған Назым Қаһарманның бұл әрекеті экс-енесіне жақпаған. Бірден сотқа жүгініп, кіріс туралы растайтын құжаттарды талап еткен. Осылайша алты миллион алты жүз мың теңге өндіріп алды.