Шымкентте сушиге тапсырыс берген бір отбасы уланып, ішек инфекциясымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада осындай бес жағдай тіркелген.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға бірнеше себеп болуы мүмкін. Олар – жеке гигиенаның, температуралық режимнің сақталмауы, азық-түлікті дұрыс сақтамау және алдын ала дайындалған тағамды пайдалану.
«Олардың бәрі үй жағдайында дайындалған сушиге тапсырыс берген. Соның нәтижесінде жіті ішек инфекциясымен ауырған адамдар тіркелді», – деді Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.




