Қоғам

Қазақстанда доллар 6 теңгеге арзандады

7 қазанда Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы да төмендеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы 447,14 теңге болып, 5,6 теңгеге арзандады. Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы - 453,65 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы сатып алу бойынша 446,61 теңге, сату бойынша 448,53 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы сатып алу бойынша орташа есеппен 445,00 теңге, сату – 452,00 теңге.

Қазанның басында KASE-де доллар бағамы күрт өсті. 2 қазанда орташа сараланған курс 447,73 теңге болса, сауда сессиясы кезінде ол 5,47 теңгеге қымбаттады. Ал 5 қазанда доллар тағы 6,62 теңгеге өсіп, 454,98 теңгеге жетті.