Шымкентте су құбырын ауыстырмақшы болған екі жұмысшы қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:57
- 48
Оқиға Қапал батыр көшесінде болған. Марқұмдардың денесін тұрғындар қоқыс алдында көріп қалған.
“Ол жерде шұңқыр болатын. Жұмысшылар құбырларды қойып жатқан. Кейін прокурор мен өзге қызметкерлер келді. Халық көбейіп, екі адамның қайтыс болғанын айтты. Біреуі ғана аман қалған екен. Денелерін алып шықты ғой. Газға уланған дейді”, – деп жауап берді Шымкент қаласының тұрғыны.
Су құбырын ауыстырамын деп барған үш жұмысшының біреуі ғана аман қалыпты.
"Құбыр төсеу жұмыстары кезінде жұмысшылардың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмысшылар құдық ішінде ауа қалдығына уланған. Оқиғаның барлық мән-жайлары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр", – деп жауап берді полиция.


