Бүгін Ресейдегі 14 бала елшілікке жеткізілетін болды
Бүгін Ресейге жұмыс істеуге барып, елге қайта алмай қалған қазақстандықтардың алғашқы легі ҚР-ның сол елдегі елшілігіне жеткізіледі.
Бұл туралы жаңалықты заңгер Мейірман Шекеев желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бүгін алғашқы 14 бала Ресейдегі елшілікке жіберілетін болды. Кеше Ресейге жұмыс іздеп барып, соғыс аймағына жіберілген балалардың ата-анасы министрлік алдына жиналған болатын.
Мейірман Шекеевтің жазуынша, аналардың өтініші бойынша ол жақтағы қазақстандықтардың мәселесімен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз бақылауынан өткен.