Қоғам

Астанада мектептің киім ілетін жерде бала қысылып қалған: директор қызметінен кетті

Астанада мектептің киім ілетін жерінде болған жағдайдан кейін директор қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, оқушылардың бір жерге жиналуына сабақ кестесінің дұрыс жоспарланбауы себеп болған.

Бұл туралы видео желіде тарап кетті. Оқиға №99 мектепте болған. Видеода оқушылар арасындағы кептеліс бейнеленген.

Мектептегі екінші ауысымның сабақ кестесіндегі үйлесімсіздік салдарынан жеті сыныптың оқушылары сабақ аяқталған соң бір мезгілде шыққандығы анықталды.

"Нәтижесінде сырт киім ілетін аймақта оқушылардың қысқа мерзімді жиналуы болды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, болған оқиғаға байланысты мектеп директоры атқаратын қызметінен босатылды.