“Миға сыймайды”: Алмат Сақатов жәрдемақы мәселесіне қатысты пікір білдірді
Танымал актер Алмат Сақатов бала күтіміне берілетін жәрдемақы мөлшеріне қатысты ойын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алмат Сақатов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Актердің сөзінше, отбасының табысына қарай жәрдемақыны азайту әділетсіз.
“Мен маман емеспін, әрине. Бірақ қазір бір заң қарастырылып жатыр екен. Яғни жағдайы бар әйел бала туса, оған жәрдемақы аз беріледі, ал жағдайы төмен әйелге көбірек төленеді дейді.
Айналайындар, күндіз-түні жұмыс істеп, жағдайын жасаған әйелдің қандай кінәсі бар? Немесе күйеуі жұмыс істесе, оның не кінәсі бар? Жағдайы бар әйел де, жағдайы жоқ әйел де тоғыз ай көтеріп, толғақпен қиналып барып бала туады. Әр баланың өз несібесі бар”, – деді актер.
Сондай-ақ актер әр әйел елдің демографиясына үлес қосып отырғанын атап өтті.