Мәдениет

"Анасы бірінші орында": Жанель Мақажан ерлі-зайыптылар не үшін ажырасып жататынын түсіндірді

Актриса әрі блогер Жанель Мақажан қазақ қоғамында ерлі-зайыптылар жігіттің анасын бірінші орынға қойғандықтан ажырасып жататынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желідегі парақшасында оқырманының бірі актрисаның жазбасына пікір қалдырған.

“Бәрі дұрыс, әрине. Бірақ ана бірінші орында тұру керек деп ойлаймын. Мейлі, тортты әйелі жесін, мейлі бөлек тұрсын, әйелін қатты сүйсін, бірақ всё равно еркек үшін де, әйел үшін де ана бірінші орында тұруы керек сияқты. Бұл жай ғана менің ойым, әрине”, – деп жазған ол.

Жанель Мақажан бұл пікірге қатысты өз ұстанымын түсіндірді.

“Мен бұл пікірге жауап беруге міндеттімін. Себебі біздің қоғамда, жалпы қазақ ер азаматтарында анасы бірінші орында тұрғандықтан, көп отбасы ажырасады. Отбасылардың 80%-ы ененің кесірінен ажырасады”, – деді актриса.

Өнер иесі шаңырақ көтерген ер мен әйел бір-біріне сүйеу болып, өз отбасының берекесін сақтауы керек деп есептейтінін жеткізді.